Финалда жапон балуанына есе жіберді
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Қазақстандық балуан 67 келіге дейінгі салмақта финалда жапониялық Кацуаки Эндомен кілемге шықты. Тартысты өткен белдесу барысында Мейіржан медициналық көмекке де жүгінді. Ақыры 4:3 есебімен жапон балуаны жеңіске жетсе, Мейіржан Шермаханбетке күміс бұйырды.
Айта кетерлігі, тағы бір қазақстандық Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде солтүстіккореялық Ри Се Унге 1:2 есебімен жол берді.