Ағайынды Тимофей мен Сергей Емельянов каноэ есуден көзге түсті
Қазақстандықтар – Сергей мен Тимофей Емельяновтар Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Ағайынды Тимофей мен Сергей Емельянов каноэ есуден 1 мың метр қашықтықта мәреге өзбекстандықтардан кейін екінші болып жетті. Үндістандықтар үздік үштікті түйіндеді.
Осыған дейін Сергей кеше Тимур Хайдаровпен бірге Азия алтынын алса, Тимофей жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.