ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

18 жастағы Айдынғали Есенғалиұлы өзінің Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі Құрлық әскерлерінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің жеке құрам қатарын толықтырып, Әскери антты салтанатты түрде осы әскери ортада қабылдайды.

Админ
Бүгін, 21:24

    Қатардағы жауынгер Айдынғали Есенғалиұлы дәл осыдан он тоғыз жыл бұрын Қазақстан халқы Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатқанда, яғни 2006 жылдың 16 желтоқсанында дүниеге келген екен. Отбасылық қуанышқа бөленген отағасы өмірге келген ұлдың есімін Айдынғали қояды. Ол жасынан алғыр да зерек болып өсті.
    Бүгінде мерзімдік қызметтегі әскери міндетін 06708 әскери бөлімінің 1-ші Зеңбіректің артиллериялық дивизионына тиесілі 1-ші зеңбіректің артиллериялық батареясының есептеп құрамында жүргізуші лауазымында абыроймен атқарып жүр. Ол қызмет ететін дивизион жауынгерлік сайыста биіктен көрініп жүр. Дәл осы биік белестерді бағындыруда дивизион құрамындағы қатардағы жауынгер Айдынғали  Есенғалиұлының да қосқан үлесі бар екендігі анық.
Ендеше, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген қатардағы жауынгер Айдынғали Есенғалиұлына өмірдегі бар жақсылықты тілей отырып, аман-есен өзінің өскен жанұясына тезірек жетуін тілейміз.

 

×

Редакция

$ 517.66  606.49  6.44