ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында.

Админ
Бүгін, 21:20

Әскери қызметші ретінде адам өмірінің маңыздылығы әрқашан бірінші орында екендігін жіті түсінемін. Әскери адам – толыққанды мемлекет үшін басын бәйгеге тігетін, өз кеудесін оққа тосуға даяр, жанқиярлықпен ерлік көрсетуші тұлға болуға тиіс. Осындай отаншыл әскери адамды дұрыс жолға салып, қалыптастырып, ары қарай заман ағымына сай дамуы үшін тәрбие құралдарының алар орны ерекше деп білемін.

Осы орайда біздің республикалық «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналы басылымдарының алар орны бөлек. Себебі осы басылым беттеріндегі ақпараттар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әрбір әскери қызметшісін өз елінің, туған жерінің нағыз патриоты болуға шақырады. Жаугершілік замандағы батырлардан бастап бүгінгі бейбіт күннің қаһармандары туралы қызықты, тарихы терең, тағылымды, тәрбиелік мәні мол еңбектерді жарыққа шығарушы белді басылымдар болып табылады. Осындай тың ақпараттарды бере отырып, өз оқырмандарын елдің қорғаушысы болуға тәрбиелейді деп сенемін.

Заманауи ұрыс тәсілдеріндегі ақпараттық шабуылдарға төтеп беруіміз үшін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріміздің әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын қорғау мақсатында отандық әскери саладағы бұқаралық басылымдарды көбейте отырып, отаншыл жастарымыздың өсіп-өнуі үшін барлық қажетті ресурстар мен тәсілдерді қолдануымыз қажет деп санаймын. «Сарбаз газеті» мен «Айбын журналы» ұжымына айтарым, осы бағыттағы істеріңізге сәттілік тілей отырып, «Отан қорғау» ісіндегі әскери ортадағы ақпараттық кеңістіктегі қажырлы еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектеспін.

Барлық отандастарымды келешек рухты ұрпақ үшін, елімнің келешегі жарқын, тұрақтылығы болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолындағы тәрбие құралдарының бірі саналатын «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналына 2026 жылы жазылуға бір кісідей атсалысуға шақырамын.

 

Ефрейтор Жадыра ШӨКЕНОВА

ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері

 

×

Редакция

$ 517.66  606.49  6.44