Д. Қосанов әскери журналистерді құттықтады

Құрметті әскери журналистер!

Сіздерді кәсіби мереке – Әскери журналист күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Админ
07/11/2025 - 10:33

Сіздер қоғамға еліміздің жауынгер ұл-қыздарының күнделікті өмірі мен қызметінің мәнін, Тәуелсіздік пен қауіпсіздік күзетінде тұрған әскери қызметшілердің ерлік жолын, елеулі оқиғалардың шынайы бейнесін жеткізу арқылы айрықша жауапты әрі құрметті миссия атқарып келесіздер.

Сіздердің еңбектеріңіз жоғары кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар батылдықты, борышқа адалдықты, әділдік пен қоғам алдындағы терең жауапкершілікті талап етеді.

Әскери журналист әрдайым оқиғаның ортасында – әскери бөлімдер мен оқу-жаттығулар алаңында, іс-сапарларда, тіпті, қауіп-қатері мол аймақтарда да болады. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында еліміздің азаматтары әскер өмірі, оның даңқты дәстүрлері мен абыройлы міндеттері, сондай-ақ ел қорғаны болған айбынды ерлер туралы шынайы, жедел әрі сенімді ақпарат алып отырады.

Ақпарат ықпал етудің қуатты құралына айналған қазіргі заманда сіздердің кәсібиліктеріңіз жалған дерек пен шындықты бұрмалауға қарсы тұрып, қоғамдағы сенімді, бірлік пен тұтастықты нығайтуға қызмет ететін маңызды күшке айналды.

Сіздер шын мәнінде Қарулы күштердің сенімді ақпараттық қалқанына айналдыңыздар.

Өз талантымен, қызметке адалдығымен және сөзге деген жауапкершілігімен армияның айқын бейнесін қалыптастыруға, отансүйгіштік пен азаматтық рухты дәріптеуге, тарихи жады мен әскери дәстүрлерді сақтауға үлес қосып жүрген баршаңызға алғыс білдіремін.

Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, жаңа да жарқын жобалар тілеймін!

Еліміздің қорғаныс қуатын арттыруға, армия мен мемлекеттің рухын асқақтатуға қызмет ете беріңіздер!

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов

 

 

×

Редакция

$ 524.65  607.02  6.48