Қазақта «Жүз естігеннен бір көрген артық» деген тәмсіл бар. Шынында да солай.
Естіген бөлек һәм көрген бөлек. Екіншісінің бәсі қашанда жоғары. Сондықтан болса керек, Ғани Өтепбайұлы Жәпішов жетекшілік ететін ҚР Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаменті бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін арнайы пресс-тур ұйымдастырып жатыр. Алдымен БАҚ өкілдері еліміздің батысына жол тартқан. Енді міне, шырайлы шығысқа да ұйымдастырылды. Нақтырақ айтқанда, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарнизонының артиллериялық бригадасында болды. Журналистер Астанадан Аягөз қаласына әскери бортпен жеткізілді. «Сарбаз» газетінің тілшісі де осы құраммен барды. Ендеше, оның көрген-түйгенін, білгенін оқырман назарына ұсынайық.
Гарнизондағы пресс-тур «Оңтүстік» әскери қалашығындағы 10810 әскери бөлімінен басталды. БАҚ өкілдеріне әскери бөлім командирі подполковник Дастан Тұрысбекұлы Мұхаметжанов таныстырылып, жауынгерлік жолы туралы аз-кем мағлұмат берілді. Штабтың оқу сыныптары тегіс көрсетілді.
Подполковник Дастан МҰХАМЕТЖАНОВ, 10810 әскери бөлім командирі:
Барынша ашықтық
Тілшілер қауымына қарауылға түсер алдында сарбаздарға нұсқау беру және тәуліктік наряд ауысқаннан кейін психологиялық тренинг өткізу барысы көрсетілді. Отан алдындағы белгіленген мерзімді қызметін адалдықпен, абыроймен және жоғары тәртібімен өткерген сарбаздарға құрмет көрсету, сондай-ақ, олардың ата-аналарына жазылған алғыс хаттарды тапсыру сәтіне де куә болдық. Жедел-стратегиялық командалық-штабтық «Айбалта – 2025» оқу жаттығуында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде жауынгерлік әзірліктің жоғары нәтижесін көрсеткені үшін қатардағы жауынгерлер Рамазан Төлен мен Юсуф Уринбаев ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаевтың, қатардағы жауынгерлер Рустем Сидаков, Бекзат Аяпов, Дидар Аушев «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Жеңіс Мараловтың, тағы бір топ сарбаз 10810 әскери бөлімінің командирі подполковник Дастан Мұхаметжановтың мақтау грамоталарымен марапатталды. Естелік ретінде Абайдың қара сөздері жазылған қалта кітабы, қол сағаттары, тағы да басқа сыйлықтар берілді. Сұхбаттасқан сарбаздар «Айбалтада» қойылған міндеттерді орындау кезіндегі тәжірибелерімен, алған әсерлерімен емен-жарқын бөлісті.
Қатардағы Бақберген МҰХАМЕТЖАНОВ:
Қатардағы Ескендір АЙДАР:
Қатардағы Әділет АКИШБАЕВ:
Қатардағы Әлішер ҚАДЫР:
Қатардағы Дінмұхамед Ысқақ меймандарға өзі шығарған сезімге толы жыр шумақтарынан шашу шашты:
Қалың қалай, көктем-қыз?
Жанды баурап жүрегіме жеткен қыз.
Аягөз көктемінде бір-ақ сәтке,
Өмірімде пайда болып өткен қыз.
Ей, көктем-қыз!
Құлпырып, күлімдейсің,
Сені ұнатқан жанға бір үңілгейсің.
Қыстан қалған зар тарқамаған,
Аягөздің көктемгі күніндейсің.
Аягөз – көктемсің!
Ағаштар бүр атпаған,
Көкейімде көбейді сұрақ саған.
Аягөз көктеміндей кешігіп кеп,
Өмірімнен тым ерте жырақтаған.
Ақпарат өкілдеріне «Срочник 2.0» ақпараттық жүйесіндегі мерзімді әскери қызметшілердің көрсеткіш нәтижелеріне қарай білім алу жеңілдіктерінің конкурсы, Отан алдындағы борышын өтеген азаматтардың еліміздегі жоғарғы оқу орнына ҰБТ-ны тапсырмай грантқа да, ақылы негізде де түсу жеңілдігі, несиелік демалыс және тағы да басқа әскерге шақырылушыларға қажетті мәліметтер жайында Абай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров жан-жақты түсіндірді. Ақпарат қызметкерлері Республика күніндегі концерттік бағдарламаға мерзімді қызмет әскерилері мен «Әйгерім» би ансамблінің дайындығын, спорт кешеніндегі мерзімді әскери қызметшілер арасындағы волейбол чемпионатын, шахмат пен стол теннисі сайыстарын да көрді. Айта кетейік, әскери қызметшілердің 4-ші орта мектепте оқитын балаларынан құралған би тобы 2025 жылы Түркия, Литва және Болгария мемлекеттерінде өткен халықаралық байқауларда жүлделі орындарды ұтып алды. Енді Стамбул мен Түркістан қалаларынан шақыру алып отыр. Кішкентай бишілердің үйірмесіндегі 4 топқа барлығы 64 бала қатысады..
Сарбаздардың күнделікті ас мәзірі мен азық-түлік үлестерінің негізгі түрлері жайындағы сауалдарға 10810 әскери бөлімі командирінің тылдық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары подполковник Досжан Искаков жауап берді. Одан әрі асхана, казарма, әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсетілетін консультативтік-диагностикалық орталық, демалыс, киім-кешек үтіктейтін орындары, кешкі астан кейінгі саппен жүріп келе жатып ән орындау барысы, тіпті Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімі қызметкерлерінің сарбаздарды жатар алдында тексеруі де көрсетілді.
Басты міндет – жауынгерлік әзірлік
Пресс-тур 10181 әскери бөлімінің оқу корпусында жалғасты. Бұл жерде танкіге қарсы басқару құрылғысы туралы 10810 әскери бөлімі рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары лейтенант Қуаныш Сәлімбеков ақпарат берді. Бригаданың жауынгерлік машиналар паркіндегі Т72Б техникасының жөнделу жұмыстарын, электроцех пен токарьлік цехтегі сарбаздардың жұмысын, әскери техника мен қару-жарақты қысқы пайдалану кезеңіне көшірудегі әзірлік деңгейін 10810 әскери бөлімі командирінің техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары подполковник Такижан Тохтиев баян етті. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, журналистер Т72 және БМП көліктерін парк ішінде жүргізіп көрді.
2015 жылдан бері қолданыстағы оқу тренажерінің кешені жайында 10810 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік және дене даярлығы жөніндегі орынбасары подполковник Әділет Идришев айтты. «Оқу тренажері Т72 танкісінің көздеп атушы танк командирі және механик-жүргізуші мамандарын дайындауға мүмкіндік береді. Жаңадан келген жас жауынгерлерге сабақ кестесіне сай тренажерде бір ай теориялық сабақтар оқытылады. 1500, 1600, 1700 метр қашықтықта тұрған үш нысананы өздері есептеп, дәлдеп, көздеп атуы тиіс. Сол үшін үш оқ дәрі беріледі. Қателік жіберген жағдайда радио желісі арқылы оператор айтып түсіндіреді. Одан соң әрі қарай жүруге рұқсат етіледі. Бұл жерде ең маңыздысы, жанар-жағар майдың, оқ-дәрінің және мотосағаттың еш шығыны жоқ. Теориялық жағынан дайын болғаннан кейін бір айдан соң тапсырманы оқу полигонында жауынгерлік машинада орындайды», деді ол.
Журналистер ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар операторларының практикалық сабақтарына, механик-жүргізушілер мен зеңбірекші-танк операторлары әрі жаяу әскердің жауынгерлік машиналарын дайындау процестеріне де қатысты. Бір сөзбен айтқанда баспасөз туры «Оңтүстік» әскери қалашығындағы әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігін түгелдей қамтыды. Баспасөз турынан естелік ретінде әрбір БАҚ атынан әскери бөлімнің аумағына тал көшеттері отырғызылды.
Полковник Арынғали АҚЫШЕВ, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыс бас басқармасының бастығы:
Естеріңізге салсақ, Аягөз гарнизоны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарайды. Қолбасшылық іргетасының қаланғанына биыл 33 жыл толады. Еліміздің оңтүстік-шығыс шекарасын қорғау мақсатында ҚР Қорғаныс министрі Директивасының негізінде 1992 жылы 1 қарашада Түркістан әскери округының 32-ші армиясының құрылымдары мен бөлімдерінің базасында 1-ші армиялық корпус жасақталды. Әскери-саяси міндеттерге сүйене отырып, Қарулы Күштердегі ұйымдастырушылық-штаттық құрылымдарды жетілдіруге байланысты 2000 жылы 15 қыркүйекте 1-ші Армиялық корпустың әскери бөлімдерінің базасында Шығыс әскери округы құрылды. Үш жылдан соң әскердің жауынгерлік қабілеттілігін арттыру мақсатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы болып өзгертілді. «Шығыстың» құрылуы мен қалыптасуында құрметті де күрделі миссияны атқарған офицерлер бүгінгі күні жауапты жетекшілік қызметте еңбек етіп жүр. Қарулы Күштеріміздің ең ірі бірлестіктерінің біріне айналған қолбасшылықтың әскерилері әрдайым алдыңғы шептен көрініп, көшбасшылық позицияда келеді.
Алуа СӘКЕНҚЫЗЫ
«САРБАЗ»
Астана – Аягөз – Астана