АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

«Айбын» – мен үшін тек қана әскери журнал емес, ол біздің еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту жолындағы маңызды ақпараттық құрал. Бұл журналда біздің армиямыздың жетістіктері, батырларымыздың ерліктері, сондай-ақ әскери қызметкерлердің күнделікті өмірі туралы мәліметтер жиі жарияланады. 

Админ
Кеше, 15:19

Әрбір шығарылымда жастарға патриотизм мен отан сүйгіштік рухын қалыптастыруға бағытталған мақалалар мен көрнекі материалдар бар. «Айбын» армиямыздың күш-қуатын, жауынгерлеріміздің кәсіби дағдыларын, олардың Қазақстанның әр түкпіріндегі қызметтерін дәріптейді. Бұл журнал бізге тек кәсіби білім мен тәжірибе жинақтап қана қоймай, Отанымызды қорғауға деген адалдық пен құрметті де ұялатады. 

Лейтенант Ілияс НҮСІПОВ,

Радиоэлектроника және байланыс институты

×

Редакция

$ 535.83  624.94  6.69