«Сарбаз» – әскерилердің ең сүйікті газеті. Бұл басылымның тарихы тереңде жатыр. Сонау Кеңес кезінде «Қызыл әскердің» жаршысы болған басылым бүгінде дәстүр сабақтастығын жалғастырып келе жатқаны анық. Айбынды армиямыздың төл басылымы әскердің бет-бейнесін, даму кезеңін, бүгінгі келбетін баяндап, оқырман жүрегін жаулап келеді.
Газеттің бетінде еліміздің маңызды оқиғалары, әскери жаңалықтар мен азаматтық қызметкерлердің жетістіктері жайлы қызықты ақпараттарды оқып білуге болады. Әсіресе, «Сарбаздың» әскери тақырыптарға арналған мақалалары өте мазмұнды және ақпаратқа бай. Оқырмандарға бұл басылымның қажеттілігі мен маңыздылығы айқын көрінеді, өйткені ол еліміздің қорғаныс саласының дамуы мен әскеріміздің күшін көрсетеді.
Лейтенант Жандос ЖАРКИМБАЕВ,
Радиоэлектроника және байланыс институты