БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

Тәуелсіз ел атанып, қорғанысымызды мықтап, шекарамызды шегендеп, дербес әскерімізді құрдық. Сол тұста армиямыздың жаршысы ретінде «Қазақстан сарбазы» – бүгінгі «Сарбаз» газеті оқырмандарға жол тартты.

Админ
Бүгін, 10:17

Міне, содан бері әскер саласы қоғамнан тыс қалмады, ондағы тың жаңалықтар, әскерилердің өмірі, тыныс-тіршілігі, бәрі-бәрі тайға таңба басқандай басылымдарда жарияланып отырды. Мен қылшылдаған лейтенант кезімнен бастап осы газеттің тұрақты оқырманы болдым. Кейіннен редакцияға мен де мақалаларымды жіберіп отырдым. Осылайша, бұл ұжыммен шығармашылық байланыс орнаттым. Бұл байланыс бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

Әскери баспасөз жылдан жылға дамып келеді. Азғантай ғана ұжым «Айбын» журналы мен «Әскери заңгер» газетін қоса шығарып жатқаны тағы бар. Өзімнің қылшылдаған аға лейтенант кезімнен бастап, егде тартып, зейнет жасына жеткен қазіргі кезіме дейін сырлас досым іспеттес болып кеткен бұл басылымдардың берері мол. Сондықтан әскердің басы-қасында жүрген әріптестерім осыны ескерсе екен.  

Егеменді еліміздің қорғаныс саласын нығайтуға үлкен үлес қосушы үнжарияларды қолдауымыз тәуелсіздігіміздің қалқаны Қарулы Күштерімізді қолдауымыз деп санаймын.
 

Запастағы подполковник Марат ТУРАБАЕВ

ҚР Қорғаныс министрлігінің зейнеткері

 

×

Редакция

$ 538.13  624.88  6.64