ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының тамаша бір сөзі бар. «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Бұл сөз әлі маңызын жойған жоқ.

Админ
25/10/2025 - 17:17

Неге десеңіз, біздің саламызда бірден-бір басылым ретінде «Сарбаз» газеті оқырмандарымен қауышып келеді. Оған қоса бұл ұжымның «Айбын» журналы мен «Әскери заңгер» газетінде тер төгуі бекерден бекер емес.

Қаламгерлер әскери өмірдің тыныс-тіршілігін дер кезінде жария етіп, қорғанысымыздың беделін арттырып келе жатқаны айғақ. Оны басылым бетеріндегі «Әскер тынысы» , «Жауынгерлік даярлық», «Әскери тәрбие» және тағы басқа айдарларда жарық көріп жүрген мақалалардан байқай аламыз. Ал «Айбын» журналында оқырман назарына ұсынылатын сараптама, шолу, сұхбаттардың жөні бөлек. Бір сөзбен айтқанда, бұл басылымдар – әскери өмірдің айнасы.

Құрметті әріптестер, қадірлі Отан қорғаушылар! Осы орайда еліміздің егеменділігінің қуат күші мен қалқаны Қарулы күштеріміздің белсенділігін арттырып, армиямыздың айбынын асқақтатуға атсалысып жүрген «Сарбаз» республикалық әскери патриоттық газеті мен «Айбын» әскери-патриоттық журналға жазылуға шақырамын.
Сүйікті Отанымыздың қорғаныс саласын нығайтуға үлес қосайық, жазылайық, оқиық!
                                                   

Подполковник Қайырбек АҚБАРОВ

      Астана қаласы Байқоңыр ауданының қорғаныс істері басқармасы

×

Редакция

$ 538.13  624.88  6.64