Приозерск гарнизонындағы 44841 әскери бөлімінің сарбаздары ата – аналарымен және туған-туыс, жақындарына бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты.
Сарбаздар туысқандарына әскери қызметтегі жетістіктерін айтты.
Бөлім басшылығы ұсынған ақпарат та ата-аналардың ерекше қызығушылығын тудырды.
44841 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Хасенов Нұрасыл Зейноллаұлы демалысты ұйымдастыру мәселелелерін, сондай-ақ жауынгерлердің денсаулығын сақтау төңірегінде өткізілетін міндетті іс-шараларды талқылады. Алдағы уақытта әр жексенбі сайын бейнеқоңырау жүргізілетін болады.
Думан Жұмашұлы