Sarbaz.kz онлайн платформасында медиа-контент, жазылым, жарнама және PDF нұсқадағы газет-журнал сату бойынша
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Публичная оферта (бұдан әрі – Оферта) «GIS Әскери медиа» (бұдан әрі – Орындаушы) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395–399-баптарына сәйкес кез келген жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) www.sarbaz.kz сайты арқылы көрсетілетін қызметтерді пайдалануға арналған ресми ұсыныс болып табылады.
1.2. Тапсырыс беруші сайтта төлем жүргізу, жазылым рәсімдеу, контентті тұтыну, PDF өнімдерді сатып алу немесе жарнамаға тапсырыс беру арқылы осы Офертаның барлық шарттарын толық және сөзсіз қабылдайды (акцепт).
1.3. Оферта мерзімі сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және сайтта қолжетімді болған уақыт ішінде қолданылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
Сайт – sarbaz.kz домені және оның барлық қосалқы беттері.
Қызметтер – медиа-контентке қолжетімділік, онлайн-журнал/газет PDF нұсқасын сату, жазылым рәсімдеу, жарнамалық қызметтер ұсыну.
Жазылым – белгілі бір уақыт ішінде сарбаз.kz контентін толық немесе шектеулі түрде пайдалану мүмкіндігі.
Төлем жүйелері – банк карталары арқылы онлайн төлем, QR-төлем (киуар код).
Тауар – PDF форматында сатылатын газет немесе журналдың электронды нұсқасы.
3. Қызмет түрлері
3.1. Орындаушы сайтта келесі қызметтерді көрсетеді:
медиа-контентке онлайн қолжетімділік;
ақылы жазылымдар сату;
PDF форматында «Сарбаз» газеті және «Айбын» журналының нұсқаларын сату;
жарнамалық материалдарды орналастыру;
басқа да цифрлық ақпараттық қызметтер.
3.2. Қызмет электронды түрде көрсетіледі, физикалық жеткізу қарастырылмаған.
4. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері
4.1. Тапсырыс беруші құқылы:
сайттағы ақылы/ақысыз контентке қол жеткізу;
жазылым мерзімін ұзарту;
жарнама орналастыруға тапсырыс беру;
техникалық қолдау алу;
дербес деректерінің қорғалуын талап ету.
4.2. Тапсырыс беруші міндетті:
сайт ережелерін сақтау;
төлемді толық әрі уақытылы жасау;
авторлық құқықты құрметтеу, материалдарды заңсыз таратпау;
сайтқа зиян келтіретін әрекеттер жасамау.
5. Орындаушының құқықтары мен міндеттері
5.1. Орындаушы құқылы:
сайт жұмысына техникалық өзгерістер енгізу;
қызмет көрсетуді уақытша шектеу (техникалық қызмет көрсетулер);
Тапсырыс беруші ережені бұзған жағдайда қызметті шектеу.
5.2. Орындаушы міндетті:
қызметті уақытында және сапалы көрсету;
техникалық қолдау ұсыну;
төлем түскеннен кейін жазылымды немесе PDF өнімін қолжетімді ету;
дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6. Төлем және есеп айырысу тәртібі
6.1. Қызметтің құнын Тапсырыс беруші сайтта көрсетілген тарифтерге сәйкес төлейді.
6.2. Төлем келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:
банк карталары арқылы онлайн төлем;
QR-код (киуар код) арқылы төлем.
6.3. Төлем жасалғаннан кейін ақша қайтарылмайды (жазылым/цифрлық контент табиғатына байланысты).
6.4. Жарнамалық қызметтер бойынша шарт жеке келісіммен реттелуі мүмкін.
7. Қызмет көрсету тәртібі
7.1. Төлем жасалған соң жүйе автоматты түрде жазылым/контент қолжетімділігін ашады.
7.2. PDF өнімдері Тапсырыс берушінің жеке кабинеті немесе көрсетілген e-mail арқылы беріледі.
7.3. Қызмет көрсету уақыты – тәулік бойы, техникалық жұмыстардан басқа жағдайларда.
8. Қайтару және шағымдану тәртібі
8.1. Цифрлық өнім табиғатына байланысты төлем қайтарылмайды.
8.2. Қате төлем немесе техникалық ақаулар болған жағдайда Тапсырыс беруші support@sarbaz.kz
мекенжайына жүгінуі тиіс.
8.3. Орындаушы шағымдарды 3–7 жұмыс күнінде қарайды.
9. Авторлық құқық
9.1. Сайттағы барлық контент («Сарбаз», «Айбын» материалдары, PDF-файлдар, мәтіндер, фото, бейне, дизайн) «Гис Әскери медиа» компаниясына тиесілі.
9.2. Материалдарды көшіруге, таратуға, қайта жариялауға тек рұқсатпен ғана жол беріледі.
10. Дербес деректерді қорғау
10.1. Тапсырыс берушінің дербес деректері ҚР «Дербес деректер туралы» Заңына сәйкес қорғалады.
10.2. Орындаушы деректерді үшінші тұлғаларға бермейді (заң талаптарынан басқа жағдайларды қоспағанда).
11. Жауапкершілікті шектеу
11.1. Орындаушы интернет желісіндегі бөгде техникалық ақауларға жауапты емес.
11.2. Орындаушы форс-мажор жағдайларында қызмет көрсетуге кепілдік бермейді.
11.3. Контентті заңсыз пайдалану үшін жауапкершілік толықтай Тапсырыс берушінің мойнында.
12. Форс-мажор
12.1. Тараптар табиғи апат, өрт, әскери әрекет, байланыс жүйелерінің істен шығуы сияқты жағдайларда жауапкершіліктен босатылады.
13. Офертаны қабылдау (акцепт)
13.1. Оферта келесі әрекеттер орындалғанда акцепттелді деп есептеледі:
сайтта «Төлеу» батырмасын басу;
QR-код арқылы төлем жасау;
жазылымды рәсімдеу;
PDF файлды сатып алу;
жарнамалық қызметке онлайн тапсырыс беру.
14. Тараптардың деректері
Орындаушы:
«Гис Әскери медиа»
Қазақстан, Астана қ.
E-mail: support@sarbaz.kz
Сайт: sarbaz.kz