Байқоңыр қаласын туристердің орталығына қалай айналдыруға болады?

АҚШ-тағы қазақ жігіті Жасұлан Серіков туристік нысан жасау оңай екенін айтады

Нұрдәулет Кәкіш
07/08/2023 - 18:41

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

АҚШ-та білім алып жүрген қазақ жігіті Жасұлан Серіков Байқоңыр қаласын туристердің орталығына қалай айналдыруға болатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Мына нысан Оклахома штатының Винганон ауылының жанында орналасқан. Бұл нысанды «Сонау Ғарыштан оралған зымыран бөлігі» деп білетін көптеген жолаушы оның қасынан бей-жай өтіп кете алмай, фотоға түсуге тоқтайды. Бұл туралы жаңалықтарға шығып, бүкіл Америка жұртшылығы осы нысан туралы ақпараттан құлағдар болды. Шын мәнісінде бұл NASA-ның нысаны емес. 1971 жылы бетон араластырғыш машина жол-көлік оқиғасына түсіп, цементі қатып қалғандықтан, миксерді қалдырып, тек тракті алып кетеді. Тұрғындар бетонның ауырлығы сонша, оны қозғалтуға да мүмкін болмағанын айтады. Көп жылдар өткен соң ауыр қоқысты туристік нысанға айналдырады. Оны ғарыш зымыраны етіп бояп, жылда жаңартып отырады», - деп жазды Жасұлан Серіков Facebook парақшасында.

Ол өз сөзінде Байқоңыр қаласын туристер көптеп келетін орталыққа қалай айналдыруға болатынын тілге тиек етті.

«Біздің Байқоңырды туристерден көз ашпайтын орынға айналдыруға болады. Тек ол үшін осындай идеяларды қолдауға ниет керек. 10 жыл бұрын аз ғана шығынмен республикаға танымал орындарды жасауға болатын осындай идеяларды облыс әкімдігіне ұсынған болатынмын. Бірақ сол күйі ескерілмеді, ұсыныс күйінде қалды. Енді Қармақшы ауданының әкімдігі мына фотоға ұқсас бір нысан жасап бастаса екен. Оған жүз миллион теңге бөлудің қажеті жоқ. Ондай сома бөлінсе тағы да көзбояушылық болады. Идеяшыл жастар мұндай істі бірнеше миллион теңгеге жақсылап істеп береді деп ойлаймын. Осындай қадамдар жасалуы керек», - деп қосты ол.

Тегтер

×

Редакция

$ 483.23  534.74  5.12