Қазақстандық құтқарушылар табиғи аптаттар, өрт пен су тасқынына дайындық жөнінде хабарлама таратты. ҚР ТЖМ «дабыл чемоданын» жинақтау керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Дабыл чемоданында» аман қалуға ең қажетті заттар топтастырылған. Оның көмегімен апат болған аймақтан эвакуацияланғанша өмір сүруге болады. Олар:
- Құжаттар мен ақша;
- Алғашқы көмек қобдишасы: дәке, лейкопластырь, йод, мақта, белсендірілген көмір, ыстық түсіретін дәрі, аллергия мен диареяға қарсы заттар, ішек ауруларына қарсы препараттар, көзге тамызатын тамшылар және порошок антибиотиктер;
- Бір күнге 3-4 литр су, консерва, жоғары калориялы тамақ (мысалға, шоколад);
- Жеке гигиена заттары: тіс щеткасы және паста, сабын, орамал, дәретхана қағазы, бет орамал, сулы салфетка, антисептиктер;
- Жылы киім;
- Көрпе;
- Батарейкамен істейтін радиоқабылдағыш;
- Батарейкамен істейтін фонарик;
- Сіріңке;
- Ысқырық.