Қазақстанда нотариустардың кеңесі eGov Mobile арқылы қолжетімді болды

Sarbaz.kz редакторы
15/06/2023 - 17:51

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

2023 жылдың 11 сәуірінен бастап Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп, eGov Mobile мобильді қосымшасында «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасын іске қосты. Бұдан былай тұрғындар сенімхаттарды онлайн форматта ресімдей алады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Қазақстандықтарға нотариаттық консультация алу үшін енді бар болғаны смартфон мен интернет қажет.

Жобаның бірінші кезеңінде онлайн форматта сенімхаттардың тек үш түрі ғана ресімделіп келсе, қазір мүлікке иелік етуге байланысты сенімхаттардан өзге, барлық түрлері EGOV Mobile арқылы электрондық түрде қолжетімді.

«Онлайн-кеңес беру арқылы азаматтар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ нотариаттық қызметке байланысты құқықтық сұрақтарға жауап ала алады. Нотариустар кез-келген сұрақтарға жауап береді. Бұл уақытты үнемдеуге және уақтылы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков.

Қызметті алу үшін:

  • «eGovMobile» қосымшасына кіру керек;
  • Е-notary→ «Онлайн кеңес алу» → өтінімді толтыру;
  • Кеңес алу үшін бейне қоңырау арқылы сұрағыңызды қоясыз;
  • Банктердің мобильді қосымшалары арқылы 1 АЕК мөлшерінде нотариус қызметін төлеу керек.

Нұрдәулет Кәкіш

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88