Әскери қызметкер зейнетке шығарда құжаттарын онлайн ала ала ма?

Әскери қызмет өткеру мерзімі туралы ақпарат деректер базасында автоматты түрде көрсетіледі

Ануар Маратов
13/12/2023 - 16:13

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Процестерді цифрландыру арқасында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметтерін ұсыну неғұрлым жедел және ыңғайлы болды. Енді зейнеткерлікке шықпас бұрын құжаттарды онлайн алуға болады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Цифрландыруға дейін

Осыған дейін зейнеткерлікке шыққанға дейін зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде азаматтың жұмыс өтілін есепке алу және қызмет өткеру мерзімін дәлелдеу үшін ЖӘБО-ға жүгіну қажет болатын. Ал анықтама бір жұмыс күні ішінде дайындалды.

Цифрландырудан кейін

Қазіргі уақытта әскери қызмет өткеру мерзімдері туралы ақпарат зейнетақы төлемдерін есептеу жөніндегі уәкілетті органның дерекқорларында автоматты түрде көрсетіледі.

Жүйеде ақпарат болмаған жағдайда азамат Egov.kz порталындағы жеке кабинетінде онлайн форматта «әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» қызметіне жүгіне алады. Ол үшін қызмет туралы сұрауға дәлелді құжаттарды тіркеу қажет. Жергілікті әскери басқару органының қызметкерлері өтінімді зерделейді, өздеріне белгілі мәліметтерді салыстырады және осы өтінімді жұмысқа қабылдайды.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88