Шетелге тұрақты тұруға көшкен жағдайда әскери комиссариат есебінен шығу қажет пе?

Осыған дейін жағдай қандай еді?

Ануар Маратов
13/12/2023 - 15:52

Фото: Almaty.tv

Фото: Almaty.tv

Қазақстан Республикасының азаматы шетелге тұрақты тұру үшін көшіп кеткен жағдайда әскери комиссариат есебінен шығуы қажет пе? Sarbaz.kz тілшісі осы мәселенің жауабын анықтады.

«Жүйелерді автоматтандыру құжаттармен жұмыс істеудегі адами факторды алып тастау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға әкелді», - деп ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары полковник Руслан Омаров мәлімдеді.

Цифрландыруға дейін

Шетелге тұрақты тұруға көшкен кезде азаматтар әскери комиссариатқа жүгінуге, әскери есептен шығуға, әскери билетті тапсыруға, әскери қызметке қатынасы туралы анықтама алуға тиіс болды. Олардың мәртебесін дәлелдеу үшін құжаттар көші-қон қызметіне ұсынылды.

Цифрландырудан кейін

Әскери қызметке қатынасы туралы ақпарат Көші-қон қызметіне автоматты түрде түседі.

Тегтер

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04