Әскери бөлімде мамандық бойынша дайындық қалай өтеді

06708 әскери бөлімінде мамандық бойынша дайындықтан өтті

Sarbaz.kz редакторы
11/12/2023 - 16:58

Мамандық бойынша даярлау. Ол әрбір оқу кезеңінің басында өткізіледі және әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлау бағдарламасының негізгі кезеңдерінің бірі болып саналалады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Мамандық бойынша даярлау әскери қызметшілер лауазымдық мақсатына сәйкес оқытудан өтетін сабақтар кешенін қамтиды. Негiзгi мақсат штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың функционалдық мiндеттерiн, материалдық бөлiгiн, оларды пайдалану тәртiбiн зерделеу болып саналады.

Жеке даярлық штаттық-лауазымдық мақсатқа сәйкес тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен бір ай бойы жүргізіледі. Сабақтар оқу-әдістемелік және көрнекі құралдарды пайдалана отырып, қару-жарақ пен әскери техникада, оқу сыныптары мен полигондарда өткізілді. Оқу аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер бақылау сабақтары барысында сынақтар тапсырды, олардың нәтижелері бойынша штаттық техника мен қару-жарақта жұмыс істеуге жіберілді.

Жауынгерлік даярлықтың келесі кезеңі әскери қызметшілердің жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі бірлескен іс-қимылдарын пысықтауға бағытталған бөлімшелерді үйлестіру болады.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88