Мемлекеттен берілетін жеңілдіктер: анықтама үшін енді әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ

Цифрландыру қолға алыннан бері деректер бірден ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Бейінді орган жеңілдікті растайтын мәліметтерді автоматты түрде алады.

Нұрдәулет Кәкіш
28/11/2023 - 22:08

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Чернобыль АЭС-тегі апатты жоюға, этносаралық қақтығыстарға және басқа да әскери қимылдарға қатысқан азаматтар, аймақтарда қызмет еткен әскери қызметшілер бұдан былай мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді растайтын анықтамалар алу үшін әскери комиссариаттарға барып жүрмейді. Бейінді орган жеңілдікті растайтын мәліметтерді автоматты түрде алады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің Sarbaz.kz редакциясының ресми сауалында айтылған.

Естеріңізге салсақ, цифрландыруға дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы әскери комиссариаттан мәліметтерді растау негізінде берілетін. Анықтама беру уақыты бір жұмыс күнін алатын. Қажетті мәліметтер болмаған жағдайда күту уақыты 90 жұмыс күніне дейін созылатын. Себебі осы уақыт аралығында қызметкерлер ақпаратты растау үшін уәкілетті органдарға сұрау салатын.

Жалпы, Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға, этносаралық қақтығыстарға және басқа да әскери іс-қимылдарына қатысқан, аумақтарда қызмет еткен әскери қызметшілер мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы. Бұл ретте бұрын соны растайтын құжат алу үшін әскери комиссариаттарға хабарласу қажет болатын. Цифрландыру қолға алыннан бері деректер бірден ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Деректер базасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Осыған байланысты бейінді орган автоматты түрде жеңілдікті растайтын мәліметтерді алады.

«Жүйеде ақпарат болмаған жағдайда азамат порталдағы жеке кабинетіне кіріп, Egov.kz-те онлайн форматта әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) қызметіне жүгіне алады. Ол үшін қызмет туралы сұрауға дәлелді құжаттарды тіркеу қажет. Жергілікті әскери басқару органының қызметкерлері өтінімді зерделейді, өздеріне белгілі мәліметтерді салыстырады және осы өтінімді жұмысқа қабылдайды», - делінген Қорғаныс министрлігінің ақпаратында.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88