Оқуға түсетін үміткерлердің жас шамасы 23 жастан аспауы шарт
Келесі жылдан бастап мерзімді әскери қызмет өткергендер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмай-ақ, ІІМ әскери оқу орындарына түсе алады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Ол үшін әскери білім алуға ниет білдіруші Отан алдындағы борышын атқарғаннан кейін немесе бір жылдан кешіктірмеу керек. Оқуға түсетін үміткерлердің жас шамасы 23 жастан аспауы шарт.
Жаңашыл бастамаға Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріндегі әрбір шақырылымның 20 пайызы ғана қол жеткізе алады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 709 бұйрығымен «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы №77 бұйрығына өзгерістер енгізілген болатын.