Көктем мен жаз мезгілі басталып, күн жылынғанда орманда өрт шығу қауіпі өте жоғары. Өрт шықпаудың алдын алу үшін ормандағы ережелерді сақтау қажет. Sarbaz.kz тілшісі тілсіз жау кезінде қорғану жолдарына шолу жасап шықты.
Орман алқабында мыналарға тыйым салынады:
- темекі тұқылын, жанып тұрған сіріңкені тастауға;
- от жағуға;
- орманда өздігінен жанғыш заттарды: майға немесе бензинге малынған шүберектерді қалдыруға;
- күн сәулесі түсетін орман алқабына бөтелкелер, шыны ыдыстар қалдыруға;
- шөпті, орманмен шектесетін алқаптарды өртеуге;
- жанғыш сұйықтықтармен немесе желді ауа райында от жағуға;
- отты қараусыз тастап немесе сөндірмей кетуге.
Егер өрт шыққанда орманда болсаңыз не істеу керек:
- үрейленбеңіз;
- «101», «112» нөмерлері бойыша өртке қарсы қызметке өрттің орнын, көлемін және сипатын айтып хабарласу қажет;
- қауіпті аймақтан тек өрттің таралу бойымен шығыңыз;
- оттегі жетіспеушілігі болмауы үшін еңкейіп қозғалыңыз;
- дымқыл орамал немесе суланған киім арқылы дем алыңыз;
- егер өрттен құтылу мүмкін болмаса, үстіңізге дымқыл киім жауып, жақын жердегі су қоймасына түсіңіз;
- тез тұтанатын және жанғыш құрал-жабдықтарға жоламаңыз;
- киіміңізді жиі ылғалдандырып тұрыңыз;
- дымқыл жер қазып, тығылыңыз;
Өрт елді мекенге жақындағанда не істеу керек?
- адамдарды эвакуациялау қажет;
- халықты өрттің таралуына перпендикуляр бағытта шығару;
- тек жолдармен, сондай-ақ өзендер мен бұлақтар бойымен қозғалу керек;
- түтін қатты болса, ауыз бен мұрынды дымқыл мақта-дәке таңғышпен, орамалмен, киіммен жапқан дұрыс;
- өзіңізбен бірге тек құжаттарды, ақша мен басқа да қажетті заттарды алыңыз;
- қалған жеке заттарды тастан жасалған құрылымдарда немесе шұңқырда қалдырып, үстін топырақпен басып тастауға болады.