Ресейдің Тула қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Оған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов қатысты.
Отырыс барысында "Халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту" мәселесі төңірегінде пікір алмасылды.