70 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді
ҚР ТЖМ тәуелсіздік жылдары атқарған жұмыстарына қысқаша шолу жасап шықты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Тәуелсіздік жылдары елімізде ТЖМ бөлімшелері төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға 1,6 миллионнан астам рет шықты.
Құтқарушылардың қызметі, кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 413 мыңнан астам адам құтқарылды, 380 мыңнан астам төтенше жағдай аймағынан эвакуацияланды, 70 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.