Дала өрті кезінде не істеу керек: құтқарушылар арнайы дайындық өткізді

Дайындық Алматы қаласының маңында өтті

Sarbaz.kz редакторы
28/09/2023 - 16:11

Алматыда дала өртін жоюға қатысатын күштер мен құрылымдардың дайындығын тексеру мақсатында «Алау-2023» өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жаттығудың жоспарына сәйкес, өрт «Кім Асар» шатқалының шығыс беткейінде шықты. «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының» РМҚК бақылаушы ұшқышы өртті анықтағаннан кейін дереу Іле-Алатау МҰТП радиодиспетчерлік қызметке хабарлайды. Олар өз кезегінде Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалының мобильді тобын жедел түрде жұмылдырады.

Өрт туралы хабарламаны алғаннан кейін іс-қимыл жоспарына сәйкес Төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы өкілдеріне көмек көрсету мақсатында, шақырту орнына барлық қажетті қалалық қызметтер мен авиация жіберілді.

Желдің екпіні салдарынан өрт аумағы ұлғайып, демалушы туристерге, сондай-ақ өрттің Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман алқабына таралуына және демалушы туристердің өміріне қауіп төнеді.

Орман шаруашылығы өкілдеріне көмекке өрт-құтқару бөлімшелері, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ (МИ-8), қала әкімдігінің 109 қызметі су төгу құрылғылармен жабдықталған тікұшақтары келеді. Шартты өрт ошағына тікелей бірнеше мақсатты су төгу жұмысы жүргізіледі.

Атап өту қажет, «ҚР Орман кодексінің» 69-бабына сәйкес өрт сөндіруге тартылатын күштер мен құралдарға қарамастан мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамы жалпы басшылықты атқарады, осы оқу-жаттығуда басқарушы – ол, Іле-Алатау МҰТП директоры.

«Оқу-жаттығу шеңберінде тасымалданатын мотопомпаларды пайдалана отырып, «каскадты әдіспен» үздіксіз су беруді пысықтау, сондай-ақ аспалы өрт сөндіргіштертерді сумен толтыратын  құрылғыны авиаборттармен жеткізу элементін пысықтау жоспарланып отыр.

Аталған оқу-жаттығулардың мақсаты қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарына жедел ден қоюды пысықтау, сондай-ақ таулы-орман алқаптарындағы өртті жою, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, төтенше жағдай аймағынан зардап шеккендерді эвакуациялау болып саналады»,- деп атап өтті Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Асан Айтеев.

Оқу-жаттығуға барлығы 157 адам, 29 бірлік мамандандырылған техника, 2 квадрокоптер және 2 әуе кемесі, 10 жылқы, бір кинологиялық тобы жұмылдырылды.

Бірлескен оқу-жаттығулардың басталуына дейін қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85