Еліміздегі қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту перспективалары талқыланды

Жиында проблемалық мәселелер талқыланды

Админ
23/09/2023 - 23:40

gov.kz

gov.kz

Биыл 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту, сондай-ақ импорттық жеткізілімдерге тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік беретін оқшаулау үлесі жоғары өндіріс циклін құру мәселелерін айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Осы тапсырмаларды іске асыру үшін қорғаныс ведомствосында ҚР Қорғаныс және Өнеркәсіп пен құрылыс министрліктерінің, ҚӨК кәсіпорындары басшыларының ведомствоаралық кеңесі өткізілді, онда проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары жан-жақты талқыланды.

Ағымдағы геосаяси ахуалды, санкциялық шектеулерді, логистикалық байланыстардың бұзылуын ескере отырып, қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алуды әртараптандыру, мемлекеттің әскери-экономикалық қауіпсіздігі үшін жаңа сатып алу нарықтарын іздеу қажеттілігі талқыланды.

Қолда бар қару-жарақ пен әскери техника паркін техникалық сүйемелдеу және жөндеу, қару-жарақ пен әскери техниканы, оқ-дәрілердің заманауи үлгілерін өндіруді меңгеру және оқшаулау мәселелері де қозғалды.

Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қорғаныс тапсырысы өнімінің негізгі алушысы ретінде өнім мен қызмет көрсетілген техникалық талаптарға, сапаға және оңтайлы баға көрсеткіштеріне сәйкес келген жағдайда өндірісті дамытуды қолдауға дайын, – деді Қорғаныс министрі.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің әскери-техникалық ынтымақтастық және қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы уәкілетті орган ретіндегі рөлі аса маңызды екенін атап өтті. 

Қорғаныс министрлігі бұл мәселені қазір пысықтап жатыр, осы мақсатта күш-жігерді біріктіру қажет. Әскери өнімдердің жаңа өндірістерін жолға қоюда ҚӨК даму қоры маңызды рөл атқаруы тиіс, оның қаржыландыруы тек қорғаныс мүддесі үшін шын мәнінде талап етілетін жобаларды ғана алуға тиіс.

Кеңес барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ведомство алдында қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу технологиясын игеру үлесін 55%-ға дейін, жаңғыртуды – 35%‐ға дейін, қазіргі заманғы өндірістерді 70%-ға дейін жеткізу міндеті тұрғанын айтты. 

Алға қойылған міндеттерді іске асыруға әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры арқылы арзан несиелер беру есебінен қол жеткізілетін болады.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85