Қазақстанда танк жүргізу мамандары қалай дайындалады?

Құрлық әскерлері бас қолбасшысының қару-жарақ бас басқармасының аға бағыт офицері түсіндірді

Sarbaz.kz редакторы
18/09/2023 - 20:37

Еліміздегі танк бөлімшелері үшін әскери кадрларды даярлау қалай жүзеге асып жатыр? Бұл туралы Құрлық әскерлері бас қолбасшысының қару-жарақ бас басқармасының аға бағыт офицері Самат Әсілбеков түсіндіріп берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ол сөз басында қазіргі уақытта әскери кадрларды танк бөлімшелеріне жүйемен даярлау жоспарланғанын айрықша атап өтті.

«Нақтырақ айтқанда, мерзімді сарбаздар механик жүргізуші, көздеуші оператор мамандықтары бойынша дайындалады. Сол сияқты әскери колледжде банк бөлімшелеріне арнап сержанттар дайындалады. Олардың оқу мерзімі – 2 жыл.

Құрлық әскері әскери институтында офицерлер дайындалады. Ондағы мамандықтар – танк бөлімшелерінің командирлері және жөндеу жөніндегі инженерлер.

Бұдан бөлек әскери кафедралар бар. Онда да офицерлер танк бөлімшелеріне дайындалады», - дейді Самат Әсілбеков.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41