Төтенше жағдай: өткен аптада елімізде 130-дан аса адам құтқарылды

Олардың арасында 43 бала бар

Sarbaz.kz редакторы
18/09/2023 - 18:59

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Өткен аптада елімізде 169 төтенше жағдай тіркелді. Оның ішінде 13-і – табиғи сипаттағы, 156-сы техногендік сипаттағы. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылар ТЖ орнына барлығы 1242 рет шықты.

«ТЖ орнынан 132 адам (43 бала) құтқарылды, 46 адам (5 бала) эвакуацияланды. 112 құтқару қызметіне 144 мыңнан астам қоңырау келіп түсті және 105 дауылды ескерту жіберілді», - делінген ведомство хабарламасында.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41