Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде тактикалық дайындық сабақтары өтіп жатыр

Оқу-жаттығу Түркістан облысында өтті

Админ
16/09/2023 - 16:27

gov.kz

gov.kz

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында роталық тактикалық топтың далалық оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Маневрлер барысында бөлімше командирлері ұрысты сауатты жоспарлауды, ал жеке құрам – заңсыз қаруланған құралымдарға қарсы тұруда үйлесімді іс-қимылды көрсетті. Жоспар бойынша жаттығу үш кезеңнен тұрды. 

Дабыл берілісімен көтерілген бөлімшелер тұрақты орналасу пунктінен жорыққа шығып, жеке құрам техникамен Түркістан облысындағы «Дарбаза» полигонына жеткізілді, жорықтың ұзақтығы 150 шақырымнан асты. 

Екінші кезеңде арнайы әскери іс-қимылдарды өткізуге дайындалды. 

Соңында әскери қызметшілер ауылға заңсыз қаруланған құралымның шабуылын тойтару және әртүрлі қашықтықтағы нысандарды жоюды пысықтады.

Батальон командирінің орынбасары майор Дамир Әжғалиевтің айтуынша, командирлер мен жеке құрам қарсыласты атыста жеңуге машықтана отырып, штаттық қарудың барлық түрлерінен нақты атыс жүргізе отырып, жауынгерлік міндеттерді орындауға үйретіледі.

Роталық тактикалық топтардың құрамы – оларға жүктелген міндеттерге байланысты қалыптасады. Соған сәйкес олар бірлесіп жорық жасайды, қорғаныс әдістерін және басқа да әрекеттерді пысықтайды. Мұндай жаттығулар далалық дағдыларды жетілдіруге, барынша ұрысқа келтірілген жағдайда іс-әрекет ететін бөлімшелердің үйлесімділігіне ықпал етеді. Мұндай жағдайда тактикалық топ үйлесімді іс-қимылы қалыптасады, өздерінің қабілеттеріне деген сенімділік пайда болады. Әскери қызметшілер қойылған оқу-жауынгерлік міндеттерді «өте жақсы» орындап шықты, – деді майор Дамир Әжғалиев.

Ротаны даярлау – жауынгерлік оқудағы жауапты кезеңдердің бірі. Рота, батарея – бұл армияның күш-қуатының белгілі бір бөлшегі. Далалық жаттығуда жылжымалы және оңай басқарылатын бөлімшелер құрылып қана қоймай, жауынгердің мінезі де шыңдалады. 

Ал ротаның тактикалық дайындығын қазіргі заманғы ұрыстың талаптары мен шарттарына сай арттыруға шағын бөлімшелер құрамындағы іс-қимылды ұдайы пысықтау арқылы қол жеткізіледі.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4