Оған шетелдік құтқарушылар да қатысып жатыр
Елімізде жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша ауқымды оқу-жаттығу басталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қазақстандық республикалық қызметтерден басқа Әзербайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елдерінің авариялық-құтқару қызметтері қатысады.
Республикалық штаб Алматы қаласында орналасқан.
Сейсмикалық жаттығулар барысында тұрғындар жойқын жер сілкінісі кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерін үйренеді.
«Жер-2023» оқу-жаттығуы екі күнге созылады.