«Спасск» оқу-жаттығу орталығы: әскерилер жорыққа шығып, шартты қарсыласпен ұрыс жүргізді

Оқу-жаттығуға 300-ден астам әскери қызметші қатысты

Sarbaz.kz редакторы
11/09/2023 - 16:27

Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында өткен батальондық-тактикалық оқу-жаттығуы «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріндегі кезекті жауынгерлік даярлық кезеңі болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Әскери қызметшілер дабыл бойынша көтеріліп, шартты жауынгерлік іс-қимыл болып жатқан ауданға жорық жасады. Сабақты өткізу ауданына келгеннен кейін бөлімше командирлерінің басшылығымен жеке құрам жауынгерлік техниканы, қару-жарақ пен жабдықты алдағы іс-қимылдарға дайындаумен айналысты.

Оқу-жаттығу барысында білім алушылар қорғаныс шайқасына дайындалу және ұрыс жүргізу, сондай-ақ одан әрі қарсыластың жағдайын болжамдап шабуылға көшу кезінде оқу-жауынгерлік міндеттердің барлық кешенін орындады. Бөлімше командирлері мәліметтерді жинау, өңдеу және оны талдау, жағдайды бағалау, шешім қабылдау мен бөлімшелерді басқару дағдыларын жетілдірді. 

«Оқу-жаттығу барысында командирлерден жауапкершілікті, кенеттен туындайтын міндеттерді орындау кезінде бөлімшелерді басқару бойынша батыл іс-қимылды талап ететін қалыптан тыс жағдай болды. Жауынгерлік атыстарды жүргізу кезінде тактикалық әдістерге, қару-жарақты ұрыста шебер және тиімді қолдануға, сонымен бірге бөлімшелердің атысын басқаруға ерекше назар аударылды. Жалпы әскери қызметшілер үйлесімділік пен далалық машық деңгейінің жоғары екенін көрсетті», – деп атап өтті 31775 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Шахашов.

Оқу-жаттығуға 300-ден астам әскери қызметші қатысты. 60 бірлік қару-жарақ пен техника, оның ішінде жаяу әскердің жауынгерлік машиналары мен артиллериялық зеңбіректер де бар.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91