Іс-шара Отбасы күні аясында ұйымдастырылды
Министрдің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов көпбалалы отбасы Бағдат Жүнісәлиев пен Айжан Шораевамен кездесті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов әріптестерімен бірге Қорғаныс министрлігінің атынан тортпен, гүлдермен және электр пеші сыйлығымен барды. Айтпақшы, бұл техника әртүрлі тағамдарды тез дайындауға және үйдегілерді дәмі тіл үйіретін тәттілермен қуантуға мүмкіндік береді. Анасының айтуынша, қыздар тамақ, тәттілер пісіруді қызығушылықпен үйреніп жүргенге ұқсайды.
Бағдат Жүнісәлиев – әскери зейнеткер, кіші сержант Айжан Шораева – Қару-жарақ бастығының басқармасы 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшісі. Қазіргі уақытта бала күтімімен демалыста. Олардың отбасында жеті бала. Қыздары – Аида, Нұрайлым, Дина, Сабина, Раяна, Еркебұлан мен Мұхаммедясин есімді ұлдары бар.
Министрдің орынбасары ата-анасы мен балаларын мерекемен құттықтады. Олардың отбасына ырыс-ынтымақ, амандық, бақ-береке тіледі.
Отбасы – әр адамның тірегі, ал балалар – болашағымыз, ізімізді жалғастырушы ұрпақ, сондықтан біз оларды қамқорлығымызға бөлеп, ізгілікке баулуымыз керек. Шаңырақтан шаттық кетпесін, аспанымыз ашық болсын, сүйіспеншілікке бөлене беріңдер, – деді генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов.
Кездесу жанға жайлы атмосферада өтті. Шай үстінде балалар өнерін көрсетіп, қонақтарға концерт қойды.