Руслан Жақсылықов мерекемен құттықтады
Қорғаныс министрінің Отбасы күнімен құттықтау сөзі жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар!
Қадірлі әскери қызметшілердің отбасы мүшелері! Бүгін еліміз Отбасы күнін атап өтеді. Мен барша әскери қызметшілерді және олардың жақындарын осы тамаша мерекемен құттықтаймын. Адам баласының негізгі қасиеттері қаланатын орта - ол отбасы. Баланың өсуі, айналасы мен қоршаған ортаға көзқарасы ата-ананың берген тәрбиесіне байланысты. Ғасырлар бойы гуманистік мұраттар мен моральдық құндылықтар отбасы ішінде қаланды. Отбасылық қарым-қатынаста жылулық пен шынайылықты сақтауды ұмытпаңыздар. Барлық тарихи кезеңдерде әрқашан ерекше құрметтелген дәстүрлер мен құндылықтарды сақтай біліңіздер. Туыстарыңыздың, жақындарыңыз бен достарыңыздың қолдауы өмірдегі басты тірек және кез келген сәттіліктің құрамдас бөлігі екенін ұмытпаңыздар.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтер отбасылық құндылықтарды сақтауға және ілгерілетуге зор үлес қосып келеді. Сіздер Отанымыздың болашағына деген шынайы жанашырлықтарыңызбен ерекшеленесіздер. Барлық әскери қызметшілерге, азаматтық персоналға, отбасы мүшелеріне, отандастарымызға мықты денсаулық, аман-саулық және жасампаз бастамаларына табыс тілеймін!