Қорғаныс министрлігі ескерту жасады
Қорғаныс министрлігі әскерге қалдыруды кейінге шегеру немесе босату ісіне ақылы көмек көрсету мәселесін қозғады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Қорғаныс ведомствосының өкілі әскерге шақырылушыларға 1414 бірыңғай байланыс орталығының желісі бойынша SMS-хабарламалардың, не үйінің және қызмет орнының мекенжайларына жеке шақыру қағаздарының көмегімен жеткізетінін хабарлады.
«Азаматтарды ақылы жәрдем көрсетуге уәде берген адамдардың көмегімен әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату мәселелерін шешуге тырысудан сақтандырғым келеді. Шақыруды кейінге қалдыру және одан босату жөніндегі мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» порталы арқылы автоматты түрде көрсетілетін болады, – деп нақтылады Бауыржан Артықов.
Сонымен қатар ол өңірлерде қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің жанында «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің сенім телефондары жұмыс істейтінін еске салды. Жүзбе-жүз кездесуден басқа, электрондық пошта жәшіктері мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы кеңес ала аласыз деді.
Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің басшысы бұл шақыруда әскерге алынатындар саны артатынын атап өтті. Әскерге шақыру науқанының тағы бір ерекшелігі – әскерге шақыру комиссияларының жұмысына сарбаздар аналары мен қоғамдық комитет өкілдерінің қатысуымен қамтамасыз етілетін ашықтықтың артуы.