Күзгі шақырылым: 19 мыңнан астам сарбаз әскерге аттанады

Олар 18-27 жас аралығында

Sarbaz.kz редакторы
08/09/2023 - 20:15

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Шараға Қарулы күштермен қатар әскерге баратындар борышын өтейтін Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері де қатысты.

Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы өңірлерде жергілікті атқарушы органдар әкімдерінің орынбасарлары басқаратын қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысын айтып өтті.

«Биыл 1 қыркүйектен 28 желтоқсанға дейін Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатары 18 бен 27 жас аралығындағы мерзімді қызметті кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатуға жатпайтын он тоғыз мыңның үстінде сарбазбен толығады», – деп жоспардағы сан жайлы айтып өтті генерал-майор Бауыржан Артықов.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91