Алматыда «Арыстан» мамандандырылған лицейінің оқушылары түлеп ұшты

Лицейге қабылдау денсаулық жағдайы бойынша жарамды және кәсіби-психологиялық іріктеуден өткен 14 жастан асқан жігіттер арасында жүргізіледі  

Админ
13/06/2024 - 16:49

Фото: Қарлығаш Букенова

Фото: Қарлығаш Букенова

Мәңгілік алау, Мемлекеттік туды шығару, аналардың көз жасы. 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта «Арыстан» лицейінің 12-ші түлектерінің салтанатты мектеп бітіру іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Камалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы мен лицей бастығы генерал-лейтенант Майқеев Мұрат Жалелұлының сөздері қатысушыларға ерекше әсер етті. Олар түлектердің өмірдің жаңа кезеңіне қадам басудың маңыздылығы мен жауапкершілігін атап өтті.

Іс-шара бұрынғы дәстүрмен қорытындыланды, түлектер монеталарды ауаға лақтырып, соңғы құлаған монетаның дыбысымен олардың өміріндегі жаңа кезең басталды.

«Арыстан» мамандандырылған лицейі

2011 жылы «NNEF» қоғамдық қорының филиалы «Арыстан мамандандырылған лицейі ашылды. Оқу орнының мақсаты – еліміздің күш құрылымдарын толықтыру үшін Қазақстанның лайықты жастарын даярлау. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға интернат жағдайындағы оқыту тегін негізде қарастырылған. Қазіргі уақытта лицейде көп балалы отбасынан шыққан 82 жас және толық емес отбасынан шыққан 45 жас жеткіншек оқиды.

Лицейдің негізгі міндеті – жоғары білім беру және жастардың бойында батылдық, табандылық, берік мінез, патриотизм және азаматтық борыш сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Лицей түлектері Қазақстанның күш құрылымдарында өз міндеттерін табысты орындап, офицерлер корпусының негізін құрайды. Оқытудың жоғары деңгейі заманауи технологиялар мен білікті құрам есебінен қамтамасыз етіледі. Онда үш ғылым кандидаты, Бір PhD докторы, жеті магистр, төрт педагог-шебер, тоғыз педагог-зерттеуші, екі педагог-сарапшы, үш педагог-модератор және жоғары әскери білімі бар үш әскери маман қызмет атқарады.

Түлектер Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарына және Ресей мен Түркияны қоса алғанда, шетелдегі беделді әскери жоғары оқу орындарына түседі. Бүгінде аталған жоғары оқу орындарында лицейдің 214 түлегі білім алуда.

Лицейге қабылдау 14 жасқа толған, 8-сыныпты үздік бітірген, денсаулық жағдайы бойынша жарамды және кәсіби-психологиялық іріктеуден өткен ер балалар арасында жүргізіледі. 9-11 сынып бағдарламасы бойынша оқу мерзімі – 3 жыл. Лицей интернат түрінде жұмыс істейді, онда тегін орналастырылып, тамақтану және киім формалары ұсынылады.

×

Редакция

$ 480.55  533.75  5.36