Қарулы күштер мергені Францияда өтетін Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

Ислам Сәтбаев 632,7 ұпай жинап, Қазақстанның рекордын орнатты

Админ
20/08/2023 - 18:42

gov.kz

gov.kz

Әзербайжан астанасы Бакуде ISSF аясында оқ және стенд атудан 53-ші лицензияға әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған Қазақстан құрамасы да қатысты,

Бағын сынау үшін сайысқа әлемнің 100 елінен 1500-ден астам спортшы келген. Ол жерде Қазақстан атынан 50 мықты мерген бақ сынауда.

Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің Штаттық командаларын даярлау орталығының спортшы-нұсқаушысы ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Ислам Сәтбаев ерлер арасында "10 м-ден пневматикалық мылтықтан оқ ату" жаттығуының финалында төртінші орынға ие болып, олимпиадаға лицензия алды. Бұл жаттығуда швед атқышы Виктор Линдгрен (251,3 ұпай) жеңімпаз атанса, қытайлық Хаоран Ян (250 ұпай) күміс жүлдеге, чех атқышы Франтишек Сметана 227,5 ұпаймен қолаға ие болды.

Бұл жаттығуда Париж олимпиадасына барлығы 4 жолдама берілді. Сонымен қатар, Алматыдан келген атқыш Ислам Сәтбаев 632,7 ұпай жинап, Қазақстанның рекордын орнатты.

2024 жылғы Олимпиада ойындарына арналған бұл лицензия біз үшін күтпеген жағдай болған жоқ. Ислам – еліміздің мықты мерген. Ол өте көп дайындалды. Бұл Олимпиада алдындағы алғашқы лицензия берілетін чемпионат. Оның табандылығы мен сенімділігі осындай нәтиже берді. Сондай-ақ, оның жеке жаттықтырушысы әскери спорт ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Геннадий Романович Насонов, – деді Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің – Орталық спорт клубы оқ ату және стенд ату командасының бастығы сержант Ольга Важнина.

Оқ пен стенд атудан лицензия берілетін әлем чемпионаты 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарыс пистолет пен мылтықтан стендтік ату және жылжымалы нысанаға оқ ату бойынша өткізіледі.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91