Ақтауда Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс министрлері кездесті

Екі елдің қорғаныс министрлері әскери білім беру саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін тоқталды

Админ
12/08/2023 - 16:31

gov.kz

gov.kz

Екі елдің қорғаныс министрлері генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен генерал-лейтенант Баходир Құрбанов «Қанжар-2023» бірлескен жедел-тактикалық арнайы оқу-жаттығуының екінші кезеңі өтетін Ақтау гарнизонының әскери нысандарында болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Тараптар жауынгерлік дайындық, әскери білім беру және әскери-патриоттық тәрбие саласындағы екіжақты қатынастардың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар олар оқу-жаттығулардағы оқу-жауынгерлік міндеттерді бірлесіп орындау штабтар мен бөлімшелер іс-қимылдарының жеделдігі мен үйлесімділігіне қол жеткізуге, ұрыс жүргізудің жаңа нысандары мен әдістерін игеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұдан өзге екі елдің қорғаныс министрлері әскери білім беру саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін де тоқталды.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов әріптесіне Өзбекстан Қарулы күштері әскери оркестрінің "Астана – мәдениет керуені" халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне және "Ватан тайянчи" қозғалысы өкілдерінің "Айбын-2023" әскери-патриоттық жастар жиынына қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Кездесу соңында қорғаныс ведомстволарының басшылары қол жеткізілген уағдаластықтардың жоспарлы іске асырылуын атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға сенім білдірді.

Тегтер

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08