Әскери қызметтен жалтару немесе бас тарту: қандай жаза қарастырылған?

Әскери қызметке шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады

Sarbaz.kz редакторы
05/04/2024 - 09:52

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қарулы күштерге көктемгі шақыру 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Сонымен қатар, әскери қызметтен бас тарту немесе жалтару жағдайлары көбейіп барады. Мұндай жағдайда қандай жаза қарастырылған? Sarbaz.kz осы мәселеге тоқталып өтпек.

Әскери қызмет – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында азаматтардың мемлекеттік қызметінің ерекше түрі.

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, толықтай қамтамасыз етеді. Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергілікті әскери органның шақыруы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті.

Әскери қызметке шақыру келгеннен кейін еш себепсіз белгіленген уақытта келмеу жалтару болып саналады.

Бұл қылмыс азаматтарды әскери қызметке шақырудың белгіленген тәртібін бұзуынан, нәтижесінде мемлекеттің қорғаныс қабілетіне зиян келтіруінен тұрады. Әскери есепке қою жөніндегі міндетті орындамаған және әскери қызметтен жалтарған жағдайда мұндай құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 387-бабына сәйкес, «әскери қызметтен жалтару» бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады:

  1. Әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтарған үшін 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза қолданылады, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылады.
  2. Дәл сол әрекет:
  • өзіне зиян келтіру арқылы;
  • ауруды имитациялау арқылы;
  • құжаттарды қолдан жасау немесе өзге де алдау тәсілі қолданылғаны үшін, –

3000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылады.

Ескерту: егер тергеу органы істі сотқа бергенге дейін әскерге шақырылушы әскерге шақыру учаскесіне өз еркімен келсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Тегтер

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94