Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

Оған «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды

Админ
16/03/2024 - 14:18

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер Қарағанды облысына әр түрлі тәсілмен жетіп, шоғырлану ауданына марш жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаттығу шартты түрде алға жылжып келе жатқан және қорғанушы әскери топтардың қарсы әрекеттеріне негізделген. 

Екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу түрлі жауынгерлік іс-қимыл барысындағы бөлімшелердің үйлесімділігін қалыптастыру тұрғысынан командирлер мен жеке құрамды даярлауды барынша толық қамтамасыз етеді, – деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Ержан Ыбыраев. 

Оқу-жаттығуға мыңнан астам әскери қызметші қатысып, 150-ден астам техника жұмылдырылды. 

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілетін командалық-штабтық оқу-жаттығу 19 наурызда аяқталады.

Тегтер

×

Редакция

$ 452.92  484.99  5.12