«Әр жорыққа аттанғанда қорқасың»: экс-министр Ауған соғысы туралы айтты

«Қорқынышты сәттер өте көп болды»

Нұрдәулет Кәкіш
13/03/2024 - 22:09

Фото: Sarbaz.kz/ Нұрдәулет Кәкіш

Фото: Sarbaz.kz/ Нұрдәулет Кәкіш

ҚР Қорғаныс экс-министрі, Генерал-полковник, Ауған соғысының ардагері Сәкен Жасұзақов соғыстағы қорқынышты сәт туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Қорқынышты сәттер өте көп болды. Соғыстың аты соғыс, бұйрық берілгеннен кейін Ауғанстанға бардық. Қапшағайда дайындалған 177-жасақ құрылып, сол жасақтың құрамында Ауғанстанның көптеген қаласында болдық. Біздің «2-мұсылман батальоны» сарбаздарының 90 пайызы Қазақстанның әр өңірінен жиналған жігіттер болды. Калонналарды шығарып салуға, құтқаруға әрекет жасадық. Соғыста неше түрлі оқиғалар көп болады. Соның бірі қазір есіме түсіп отыр. Ауғанстанға барғанымызға көп бола қоймаған кезіміз болатын. Операцияларға әлі де қатыспағанбыз. Бірде жаяу әскердің жауынгерлік машинасымен калоннаға бара жаттық. Бір кезде торуылға түсіп қалдық. Атыс басталды. Көліктің үстінен дереу секіріп түстік. Мен бір тасты қалқаладым. Сол кезде әлгі тас маған үлкен болып көрінген. Бәрі тынышталған соң байқасам, ол аса үлкен тас емес екен», - деді генерал.

Оның айтуынша, бұл атыстан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Бәріміз аман қалдық. Бұл бізге үлкен сабақ болды. Өз-өзімізді қолға алып, жинақталдық. Содан кейін де талай қауіпті сәттер болды. Жайшылықта «жауынгерлердің бойында қорқыныш болмайды» деген сөздер айтылады. Шын мәнісінде әр жорыққа аттанғанда қорқасың. Мысалы, парашютпен секіргенде, қарулы қақтығысқа барған кезде ет пен сүйектен жаралған адамбыз ғой, әр адамның өзіндік сезімі бар дегендей, бәрібір бойыңда қорқыныш болады», - деді Сәкен Жасұзақов Sarbaz.kz тілшісіне берген сұхбатында.

 

×

Редакция

$ 483.23  534.74  5.12