Қонаев горнизонында танктердің дайындығы өтіп жатыр

Қарулы күштердің танк бөлімшелері су кедергілерін еңсеруге дайындалуда

Sarbaz.kz редакторы
04/08/2023 - 23:47

Қазіргі уақытта әскерлерде су кедергілерін еңсеруден практикалық сабақтар өтіп жатыр. Сарыөзек шабуылдау бригадасының Т-72 танктер экипаждарын оқыту Қонаев гарнизонындағы оқу-жаттығу орталығының су айдынында жүріп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Танкистер көп тонналық машинаны су кедергілерін еңсеруге дайындау алгоритмін үйренуде. Су астында қозғалу үшін танктер жауынгерлік машинаға ауа берілетін арнайы жабдықтармен қамтылған.

Танкті суға жіберер алдында люктер арнайы су өтпейтін жабдықтармен тығыздалады, қаруының оқпаны қақпақпен нығыздалады. Саңылаулар мен тесіктер арнайы су өткізбейтін майлағышпен өңделеді. Дизайн ерекшеліктеріне байланысты Т-72 танкі су астында бес метр тереңдікте бір шақырым қашықтықты жүріп өтуге қабілетті.

«Экипаждар жеңіл сүңгуір дайындық курсынан өтті. Олар осылайша төтенше жағдайда дұрыс және сенімді әрекет етуге үйретілді. Танк су басқан жағдайда экипаж екі сағатқа дейін ауа қоры бар ИП-5 оқшаулағыш тыныс алу газқағарларын және құтқару кеудешелерін пайдаланады. Біздің танкистер жаз бойы су астында жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіретін болады», – деп нақтылады 12740 әскери бөлімінің командирі подполковник Дәулет Секенов.

Жүргізуші механикке су астында жүру едәуір күрделі болып саналады, танк азимут көрсеткішінің нұсқауы бойынша нөлдік көрсеткіш кезінде жай маневрмен жүруі керек. Бұл жағдайда жүргізуші механик су астында тоқтап қалмас үшін қозғалтқыштың айналу жылдамдығының тұрақтылығын бақылауы керек.

Құтқару-көшіру құралдарының экипаждары жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, олар судағы танктің барлық кезіне бақылау жүргізеді. Штаттан тыс жағдайда олар әскери қызметшілер мен жауынгерлік машинаны құрлыққа эвакуациялайды.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91