Әскерилер 50-ден астам адамды қар құрсауынан құтқарды

Әскери қызметшілері Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған азаматтарға көмектесті

Админ
10/02/2024 - 19:41

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарулы күштердің «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 30238 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған азаматтарға көмек көрсетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшін эвакуациялық топ және шынжыр табанды көп мақсатты жеңіл брондалған тягач бөлінді. 

Ауа-райының нашарлауына байланысты біздің әскери бөлімде өңірдегі жағдайды бақылау және мониторинг жасау жөніндегі жедел топ құрылды. Біз құтқару қызметтерімен және өңірдегі жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істейміз. Адамдарды қажетті көмек көрсетілетін елді мекендерге жеткіземіз, – деп түсіндірді 30238 әскери бөлімінің командирі подполковник Сергей Бибулатов.

Әскери қызметшілер Хромтау ауданының Ақжар елді мекенінен 20 шақырым жерде қар құрсауында қалған екі вахталық автобусты шығарып алды. Жүк көліктерінің жүргізушілерін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Трассадан әскери техникамен Ақжар кентіне жеткізілген адамдар уақытша ауыл мектебіне орналастырылуда.

Қазір өңірде жел басылып, ауа райы жақсарып келеді. Сондықтан жолды қардан тазартқан соң эвакуациялық топ тұрақты орналасқан жеріне оралуды жоспарлап отыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 483.23  534.74  5.12