Қазақша сөйлеуді әскерге келгенде үйрендім – сарбаз

Қазақ тілін, қазақша әндер орындауды әскерге келіп үйреніпті

Нұрдәулет Кәкіш
01/08/2023 - 18:25

Әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионында көп ұлт өкілдері Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Солардың бірі – қатардағы жауынгер Фарход Омаркулов.

44803 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Фарход Омаркулов – өзбек ұлтының өкілі. Қазақ тілін, қазақша әндер орындауды әскерге келіп үйренген. Саран қаласында сарбаздар арасында өткен барт әндерін орындау бойынша аккорд фестивалінде 2-орынды еншілепті. Бұдан бөлек ол әскерилер арасындағы концерттерге талай мәрте қатысып, үздік өнер көрсеткен.

«Әскерге келгелі көп нәрсе үйреніп жатырмын. Қазақ тілінде еркін сөйлейтін болдым. Қазақша әндерді орындауды да осында үйрендім. Бұл жер, тіпті мен ойлағаннан да жақсы болды», - дейді Фарход Омаркулов Sarbaz.kz тілшісіне.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91