Гаубица, реактивті жүйе: жауынгерлер қандай қару-жарақпен дайындалады

Артиллеристер үшін жауынгерлік дайындықтың келесі кезеңі – взводтар құрамында атыс міндеттерін орындау

Sarbaz.kz редакторы
25/01/2024 - 17:57

Гвардейск гарнизонының артиллеристері «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік атыс кезіндегі шеберліктерін шыңдады. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеген әскери қызметшілер өз бөлімшелерінің құрамында іс-қимыл тәртібін бекітсе, командирлер жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде жеке құрамды басқару дағдыларын дамыта алды.

Артиллерияның ұрыстағы миссиясы – жалпы әскери бөлімшелерді қолдау және қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін қолайлы жағдай жасау.

Сабақтарда артиллерия жауынгерлері қазіргі заманғы жалпы әскери шайқастың негіздерін іс жүзінде игеріп, ұрыс қимылдарының барлық түрінен машықтанып, өз дағдыларын пысықтай алды.

– Артиллеристердің далалық жорықтары – жауынгерлік дайындықтың ажырамас бөлігі. Олардың оқу сыныптарында алған білімі далада өтетін практикалық сабақтарда пысықталады. Жауынгерлік дайындықтың кезекті кезеңі барысында әскери қызметшілер есептоптар құрамында 152 мм «МСТА-Б» гаубицасы мен дүркіндетіп ататын «Прима» реактивті жүйесінен іс жүзінде оқ атуды орындады, – деді реактивті артиллериялық дивизионының командирі гвардия майоры Айбек Бақытжан.

Қысқы оқу кезеңі сабаққа ең қолайлы уақыт емес. Дегенмен, жеке құрам тапсырмаларды мүлтіксіз орындай алды. Ал ауа райының өзгеруі мен күннің суытуы шынайы ұрыс жағдайларына мүмкіндігінше жақындатуға ықпал етеді.

Артиллеристер үшін жауынгерлік дайындықтың келесі кезеңі – взводтар құрамында атыс міндеттерін орындау. Ол кезде әскери қызметшілер мен қарудың саны ғана еселенбейді, оған қоса атыс кезінде нысанаға тигізудің сапасы мен тиімділігі үшін жауапкершілік деңгейі де артады.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43