06708 әскери бөлімінің сарбаздары зеңбірекпен оқ атып жаттықты

Бөлімнің 2024 оқу жылының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды

Sarbaz.kz редакторы
19/01/2024 - 21:20

Фото: Думан Құрманғалиев

Фото: Думан Құрманғалиев

«Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде артиллеристік есеп тобы Гаубица Д-30 122-мм зеңбірекпен оқ атып жаттықты. Жауынгерлік кестеге сәйкес «Сарышаған» полигонында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл бөлімнің 2024 оқу жылының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған болатын. Тартысты бәсекеде қатардағы жауынгер Муса Ислам ерекше көзге түсті.

Атыс жаттығуына бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Жанібек Мәмбетов жетекшілік етті. Оқу-жаттығудың өту барысы командалық бақылау бекетінен қадағаланды.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41