Оларға қанша техника берілетіні айтылды
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысында қазақстандық бітімгершілік күштері бағыты туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Бүгінде алғаш рет БҰҰ-ның бізге тәуелсіз миссия беруіне қол жеткіздік. Біз өз туымыздың астында миссияны орындауға барамыз. Бұл ең маңыздысы. Екіншіден, бізге ұсынылатын міндеттер – аумақты патрульдеу, коменданттық қызметті атқару. Рота резервте болады», - деді Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Министр сөзін жалғай отырып, әскерилер 15 жауынгерлік көлік, инженерлік техника, стандартты қару-жарақ, байланыс құралдары және медициналық қажеттіліктермен қамтамасыз етілетінін атап өтті.
Айта кетейік, осыған дейін Қорғаныс министрі қазақстандық бітімгерлердің Таяу Шығысқа жіберілетінін айтқан болатын.