Несиені кейінге қалдыру шешімі енгізілген соң әскерге шақырылғандар 40% көбейді

10 000-нан астам әскерге шақырылғандардың 3,5 миллиард теңгеге несиелері бар

Ануар Маратов
16/01/2024 - 21:16

Фото: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ОКҚ

Фото: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ОКҚ

Бұл туралы ҚР ҚК Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев мәлімдеді, деп Sarbaz.kz тілшісі хабарлайды. 

Полковник Тілеухан Басқожаевтың айтуы бойынша, әскерге шақырылғандардың саны 40%-ға өсті және әскерге шақыру жоспары 100%-ға орындалып жатыр. 10 000-нан астам әскерге шақырылғандардың мойнында жалпы мөлшері 3,5 млрд теңге несиесі бар екен. 

«Біздің басты мақсатымыз – азамат алаңсыз, уайымсыз қызмет өткеру керек», – деді полковник Тілеухан Басқожаев. 

Айта кетейік, Қазақстанның әскери қызметшілері 2023 жылдан бастап кредит бойынша кейінге қалдыруды ресми түрде ала алады, ол үшін әскери комиссариаттан немесе әскери бөлімнен анықтама өткізуі қажет.

Тегтер

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94