Әскерде жүрген сарбаздың бір күні қалай өтеді?

Сарбаздың әскердегі бір күні

Sarbaz.kz редакторы
16/01/2024 - 15:45

Фото: Time.kz

Фото: Time.kz

Әскерде борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Асылбек Абдуллаев Әуе қорғанысы күштері әскери институтының кіші авиация мамандарын даярлайтын оқу орталығында өзінің қызметі қалай өтіп жатқаны жайлы әңгімелеп берді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының кіші авиация мамандарын даярлайтын оқу орталығында Отан алдындағы борышымды өтеп жүрмін. Күнімнің басы таңғы жаттығудан басталады. Жаттығудан кейін беті-қолымызды жуып, төсек-орнымызды ретке келтіреміз. Таңғы асымыз жақсы. Күнделікті сүт, айран, ірімшік, бал беріледі. Мереке күндері мәзіріміз ерекше. Таңғы астан кейін негізгі міндеттерімізге кірісеміз. Бұл – біздің оқуымыз. Мұнда радиотехника бойынша білімімізді арттырамыз», - дейді Асылбек Абдуллаев.

Ол сөз соңында қазір мұнда 100 адамға арнап жаңа модульді казарма салынып жатқанын мәлім етті.

Айта кетейік, 44803 әскери бөлімінде сарбаздарға қандай жағдай жасалғаны туралы хабарланған болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43