Қорғаныс министрлігінде Францияның Қазақстандағы әскери атташесі таныстырылды

Іс-шара Астанада өтті

Админ
29/07/2023 - 17:00

gov.kz

gov.kz

Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов француз елшілігінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Шара Францияның Қазақстандағы елшілігі жанындағы әскери атташесі полковник Жан-Филипп Тардьенің миссиясының аяқталуына байланысты ұйымдастырылды.

Әскери ынтымақтастық саласындағы Ж-Ф.Тардье қызметінің қорытындыларын талқылағаннан кейін Қазақстандағы Францияның жаңа әскери атташесі полковник Роберт Аземанды таныстырды.

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Жан-Филипп Тардьеге Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары атынан алғыс хат жолдап, жаңадан тағайындалған әскери атташе полковник Роберт Аземанға жаңа саладағы қызметіне табыс тіледі.

Тегтер

×

Редакция

$ 480.61  534.53  5.28