Былтыр әскерге барған 600-ден аса адам ҰБТ тапсырмай оқуға түсті

2023 жылы елімізде әскерге 37 мыңнан астам азамат толықтырды

Sarbaz.kz редакторы
11/01/2024 - 23:48

Фото: Егемен Қазақстан

Фото: Егемен Қазақстан

Қазіргі таңда 4 мыңнан астам сарбаздың 1,5 млрд теңге сомасындағы несиелері кейінге қалдырылды. Өткен жылы мерзімді қызметін өтеген 615 адам ҰБТ тапсырмай, азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу орталықтарында экономиканың нақты секторында сұранысқа ие 15 әскери-есептік мамандық бойынша 1195 әскери қызметші дайындалды.

Техникалық, кәсіптік, жоғары білімі бар әскери қызметшілер алты ай қызмет өткергеннен кейін келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы.

Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері мемлекет есебінен заттай мүлікпен, тамақпен және ай сайынғы ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43